RU

Тренинг деп шақырып, қаржы пирамидасына тартатын компания анықталды (видео)

қаржы пирамидасы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облыстық департаменті қаржы пирамидасының белгісі бар инвестициялық компанияға қатысты тергеуді бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Antares Limited компаниясы инвестициялар бойынша тренинг өткізу арқылы халықтың ақшасын жинаған.

Тренингке қатысушылар алдымен компания қызметкерінің Kaspi Bank картасына ақша аударды. Одан кейін оларға интернеттегі парақшаға кіруге рұқсат берілді. Сол жерде виртуалды ақша түсіп тұрған.

Оған инвестициялық пакет сатып алуға мүмкіндік беріледі. Ал күн сайын салынған ақшаға 1 проценттік табыс түседі деген уәде берілді.

Ақшаны шығарудың бір ғана жолы болды. Инвестициялық пакетті жаңа салымшыға сату қажет, я болмаса, тағы қосымша инвестициялық пакеттерді сатып алу керек.

Бұдан бөлек, компания жаңа салымшыны тартқаны үшін жиналған ақшаның 1 – 5 процентін сыйақы ретінде беруге уәде берген.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941914-trening-dep-saqyryp-qarzy-piramidasyna-tartatyn-kompaniya-anyqtaldy-video/