Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби қайтыс болды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби қайтыс болды. Баланың өлімін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңірдің полиция департаменті сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілетінін мәлімдеді. Содан кейін ғана қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралады.

"8 қараша күні сағат түнгі 11 шамасында сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ол түйреуіш жұтып қойған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді БҚО полиция департаментінде.

Облыстық балалар ауруханасында қыздың ауыр жағдайда жеткізілгенін хабарлады.

"Ата-анасы бір апта бойы баланың нәжісі қара болғанын айтты. Қыздың іші қатты ауырған. Сәбиде іштей қан кеткен. Рентгеноскопия түйреуіштің ашық болғанын көрсетті",- деді ақ халаттылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941915-oralda-tuireuis-zutyp-qoigan-alty-ailyq-sabi-qaitys-boldy/

pixel