Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балаларға да вакцинация құжаты беріле ме

Опубликовано:

Вакцинация құжаты
Көрнекі фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салдырған жасөспірімдерге де вакцинация құжаты берілетін болады. Бұл туралы елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

"Вакцина алған соң жасөспірімдерге де вакцинация құжаты беріледі. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаны туралы QR-коды бар қағазға шығарылған анықтаманы тұрғылықты мекенжай бойынша медициналық ұйымнан алу керек", - делінген ведомство хабарламасында.

Ал вакцинация құжатының электронды нұсқасын "eGov mobile" мобильдік қосымшасынан жүктеп алуға болады.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласына "Комирнати" (Pfizer) вакцинасының алғашқы 35100 дозасы жеткізілді.

Вакцинациялау бірінші кезекте медициналық мекемелерде, одан кейін мектептер мен ЖОО-да жүргізілмек.

Одан бөлек, бүгін 16 мен 18 жас аралығындағы алматылық жасөспірімдерге алғаш рет коронавирусқа қарсы екпе салына бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941917-qazaqstanda-balalarga-da-vakcinaciya-quzaty-berile-me/

pixel