RU

Елордада қоғамдық көлікке маскасыз мінген жолаушыларға айыппұл салу ұсынылды

бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікке маска таққай мінетін жолаушыларды жауапкершілікке тарту керектігі айтылды. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорданың автобус парктері санитарлық талаптарды жоспарға сай жүргізіп отыр. Автобуста маска тақпайтын жолаушылардың мәселесін заң аясында шешу керек деп ойлаймын. Шетел тәжірибесіне сүйеніп, маска тақпаған жолаушыларға айыппұл салу қажет», - деді Бекмырза Игенбердинов тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, автобус жүргізушісі мен бақылаушы маска тағу туралы жолаушыларға үнемі ескертіп отырады.

«Талап заңмен бекітілген кезде, маскасыз жолаушылардың саны азайып, мәселе оң шешімін табады деген ойдамыз», - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941918-elordada-qogamdyq-kolikke-maskasyz-mingen-zolausylarga-aiyppul-salu-usynyldy/