Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда сотталған әйел 10 кітап оқып бостандыққа шықты

Опубликовано:

Бостандық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/9 мекемесінің сотталушысы 10 әдеби шығарма оқып, мерзімін 3 жылға қысқартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар айында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пенитенциарлық мекемелерінде "Шексіз оқу" пилоттық жобасы іске қосылған.

Жобасына қатысқандар арасында Лидия есімді келіншек ерекше көзге түскен. Ол көркем әдебиет жанрындағы бірнеше кітап оқып, шығармалардың мазмұнын айтып берген. Ол үшін Лидияға мекеме басшысы көтермелеу тағайындаған.

Тағы бірнеше кітап оқығаннан кейін сотталушыларды екінші рет көтермелеген. Жалпы саны 10 кітапты оқып, екі марапатқа ие болған Лидия шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Белгілі болғандай, ол салық төлеуден жалтарғаны үшін бес жыл мерзімге сотталған, оның екі жылын Қарағанды облысының әйелдер колониясында өтеген.

"Біздің мекемеде "Шексіз оқу" пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оған 50-ден астам сотталған қатысуда. Жобаға алғашқы қатысқандардың бірі ынталандыру алды және бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босады", - дейді АК-159/9 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Назира Кәдірова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941955-qaragandyda-sottalgan-aiel-10-kitap-oqyp-bostandyqqa-syqty/

pixel