Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңажылдық іс-шараларға шектеу енгізіле ме

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада жаңажылдық іс-шараларға шектеу енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, бүгінде қалада бұған дейін енгізілген шектеулер сақталады. Алдағы уақытта бәрі желтоқсан айындағы жағдайға байланысты болмақ.

"Қазір күніне ауру жұқтырған 100-200 адам тіркеліп отыр. Егер ауру жұқтыру деңгейі төмендемесе, вакцинация қарқыны артпаса, шектеу шаралары орындалмаса, шектеу шаралары алынбайды.

Әзірге бәрі "сары" аймақта орналасқан өңірлер үшін бас санитарлық дәрігер бекіткен қаулыға сәйкес режимде қала береді", - дейді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Бекшин коронавируспен жиі ауыратын алматылықтардың жас мөлшерін айтқан еді.

Одан бөлек, "көк" мәртебесі бар Алматы тұрғындарының сауда орталықтарына кіруіне шектеу қойыла ма, деген сауалға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941960-almatyda-zanazyldyq-is-saralarga-sekteuler-engizile-me/

pixel