RU

Жасөспірім ата-ана рұқсатынсыз Pfizer вакцинасын салдыра ала ма

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз Pfizer вакцинасын салдыруға келсе медицина қызметкерлері қалай әрекет етуі керек? Бұл сауалға Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, баланың өзі вакцина салдыруға келсе, онда бірінші кезекте ата-анасына бұл жайлы хабар беріп, рұқсат сұралады.

"Жасөспірім вакцина салдыруға медициналық мекемеге өзі баратын болса, ата-анасына хабарласып, рұқсатын сұраймыз. Қалай болса да, ата-ананың рұқсаты қажет", - дейді ол.

Ал баласына вакцина салуға рұқсат берген ата-ана медициналық мекемеге бірге бара алады немесе баланың өзін жібере алады.

"Ата-ана рұқсат берсе, ол деректер медицина қызметкерінде және бала оқитын сынып жетекшісінде болады", - дейді Лаура Мырзағали.

Айта кетейік, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

Вакцина аяғы ауыр, емізулі баласы бар және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.

Вакцинаны жүктіліктің 16-37 аптасы арасында салдыруға болады. Емізулі баласы бар әйелдер босанған соң 42 күннен кейін салдыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941973-zasospirim-ata-ana-ruqsatynsyz-pfizer-vakcinasyn-saldyra-ala-ma/