Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден әкелген көлікті мемлекеттік тіркеу бағасы қалай белгіленеді

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева шетелден әкелген көліктің алғашқы тіркеу алымы неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Сартаеваның сөзінше, барлық алым-салық сияқты мемлекеттік тіркеу алымы да мемлекеттік бюджет қазынасына түседі.

Бұл алымдардың мөлшері салық кодексінде белгіленген.

"Оның көлемін мемлекеттік кірістер органдары белгілемейді. Өйткені салық саясаты біздің комитеттің құзырына кірмейді. Біз салықты әкімшілендіру шараларын ғана жүргіземіз", - дейді Айнұр Сартаева.

Комитет өкілі алғашқы мемлекеттік тіркеу алымы көлікті тіркеген кезде төленетінін жеткізді.

Оның айтуынша, тіркеу жасаған кезде ішкі істер органдарының өкілдері осы төлемді талап етеді.

"Байқасаңыздар, алғашқы тіркеу алымының құны көліктің шығарылған жылы ескірген сайын жоғары бола түседі. Зауыттан шыққанына 3 жылдан артық уақыт өткен шетелдік көлік әкелсеңіз, алғашқы тіркеу алымы 1,4 миллион теңгеден асады. Ал су жаңа көлік әкелсеңіз, тіркеу алымын төлемейсіз. Яғни, ескі көліктерді әкелмеу мақсатында осылай жасалған", - дейді Айнұр Сартаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941988-setelden-akelgen-kolikti-memlekettik-tirkeu-bagasy-qalai-belgilenedi/

pixel