Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркі мемлекеттері арасындағы өзара ынтымақтастық: Kcell түркиялық Turkcell операторымен меморандумға қол қойды

Опубликовано:

қол қойылды
Фото: Kcell

Бүгін, 12 қарашада Ыстамбұлда Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті басталды. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Әзірбайжан президенттері қатысуда.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде цифрландыру, экономика, сауда, жасыл технологиялар және басқа да бағыттарды дамытуға баса назар аудара отырып, Түркі кеңесі шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқылау жоспарлануда.

Kcell компаниясы түркі мемлекеттері арасындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бағытын ұстанатынын көрсетеді. Мәселен, кеше, 11 қарашада, ұлттық ұялы байланыс операторы Kcell мен түркиялық ірі мобильді оператор Turkcell компаниясы арасында өзара тәжірибе алмасу және Қазақстанда оқшауланған цифрлық өнімдерді әзірлеу аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Kcell Turkcell-мен ынтымақтастықта ұялы байланыстың жетекші операторы ретінде ғана емес, сонымен қатар Big Data және IoT саласында цифрлық шешімдер жасайтын компания ретінде де қызмет етеді.

"Turkcell-мен өзара әрекеттесе отырып, Kcell digital сервистер мен өнімдерді жасау саласындағы өз құзыретін кеңейтеді. Біздің жоспарымызда денсаулық сақтау, smart city, ритейл және өнеркәсіп сияқты салаларда "ақылды" технологияларды түзу көзделіп отыр. Бұл шешімдерге бағдарламалық қамтамасыз етулерді құру, жаңа сервистерді интеграциялау және оларды қолдау жатады.

Мұндай цифрлық шешімдер бүкіл әлемде белсенді пайдаланылуда. Kcell-де үлкен деректер мен IoT саласында сараптама бар.

Біздің ойымызша, Түркияның жетекші байланыс операторы Turkcell-мен серіктестік түркі мемлекеттері ынтымақтастығының дамуына пайдалы ықпал етуде және болашақта ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Юрий Харламов.

Big Data талдамасы бар IoT инфрақұрылымында сервис құру Kcell-ге digital жобалар кешенін құруға және Turkcell-мен табысты ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2021 жылғы наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қатысушыларды цифрландыру, жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау және интернет-сауда салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Президент Тоқаев Қазақстан банк секторы мен қаржы жүйесінде кеңінен қолданылатын электрондық үкіметті, озық технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен өзара алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941997-turki-memleketteri-arasyndagy-ozara-yntymaqtastyq-kcell-turkiyalyq-turkcell-operatorymen-memorandumga-qol-qoidy/

pixel