Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2022 жылдың қаңтарына дейін ұзартылды

Опубликовано:

Бұрынғы министр
Фото: NUR.KZ /Алёна Бутенко

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға яғни 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева Қаржылық мониторинг агенттігінің Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішін қарап, экс-министрге қатысты қазіргі бұлтартпау шараларын өзгертуге негіз жоқ деген ұйғарымға келген.

Одан бөлек, іс 130 томнан асатындықтан, оны зерттеу біршама уақытты қажет етеді, сондықтан сот үйқамаққа алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырған.

Осылайша, бұрынғы денсаулық сақтау министрін үйқамақта ұстау мерзімі 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін ұзартылып отыр.

Сондай-ақ, судья Біртановқа бұл аралықта үйден шығып, жұмыс істеп, адвокаттармен сөйлесе алатынын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қаршаға дейін ұзартылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941999-birtanovty-uiqamaqta-ustau-merzimi-2022-zyldyn-qantaryna-deiin-uzartyldy/

pixel