Алматыда BRT құрылысы үшін Жандосов көшесінің бір бөлігі жабылады
Опубликовано:

Алматыда BRT желісінің бойындағы жол желісін қалпына келтіру үшін Жандосов көшесінің бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, BRT бойынша көше-жол желілерін жаңғырту жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарына байланысты 12 және 14 қараша күндері түнгі уақытта сағат 23:00-ден 06:00-ге Жандосов көшесінің Сүлейменов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.
Сонымен қатар, 14 қараша сағат 06:00-ден 15 қараша күнгі 06:00-ге дейін №6, 11, 12 троллейбус маршруттары уақытша тоқтатылады.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942004-almatyda-brt-qurylysy-usin-zandosov-kosesinin-bir-boligi-zabylady/