Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында Қырғызстанға жанармайды жер астымен жібергендердің қулығы әшкереленді

Опубликовано:

Жанармай
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында Қырғызстанға жанармайды заңсыз тасымалдаушылардың қулығы әшкерленді. Айлакерлер көрші елге бензинді жерасты құбыр арқылы жеткізіп отырған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Меркі ауданындағы шекаралас ауылдардың бірінде жергілікті тұрғын телефонға видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Автордың сөзінше, пластик құбырдың ұзындығы бір шақырымға жуықтайды.

Оның басы Қазақстаннан басталып, соңғы Қырғызстаннан аяқталады. Әзірге құбырдың қай уақытта төселгені және ол арқылы көрші елге қанша көлемде бензин мен дизель отынының өтіп кеткені белгісіз.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі бұл деректі шекара жасағының бірі анықтағанын айтып отыр. Қазір контарабанда тобын іздестіріп жатыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942035-zambyl-oblysynan-qyrgyzstanga-zanarmaidy-zerdin-astymen-zibergender-ustaldy/

pixel