Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық кеншілер "АрселорМиттал Теміртауға" талап қойды

Опубликовано:

Кенші
Көрнекі фото: Andrey Rudakov/Bloomberg via Getty Images

"Абай" шахтасында адам өліміне әкеліп соққан апат кезінде ауаға 8 мың текше метрден астам метан газы тараған. Бұл туралы төтенше жағдай министрі мәлімдеді. Тексеру кезінде бірнеше рет "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталған. Қарағандылық кеншілер өндіріс орнынан аман - есен үйіне оралуына кепілдік беруді талап етуде, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Абай" шахтасында болған апаттан кейін қарағандылық кеншілер тағы бас көтерді. Олар әбден тозған қондырғыларды жаңартып, жұмыс күшін көбейтуді, жылдар бойы өзгеріссіз тұрған жалақыны көтеруді сұрайды. Кеншілер тау- кен жоспарына да өзгерістер енгізуді талап етуде.  Бұл туралы "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы ресми мәлімдеме жасады.

"Абай шахтасындағы апат кеншілердің проблемасын тағы да ашып берді. Ең бастысы, қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, компания шахтерлардың жұмыстан кейін аман- есен үйлеріне оралуына кепілдік берсін. Біздің кәсіпорындарда жұмыс күші жетіспейді. Сөйте тұра қондырғылар әбден тозған. Осындай жағдайда көмір қазып, өмірін қауіпке тігетін адамдардың жалақысын да көтеру керек",- деді "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.

"Абай" шахтасындағы апат 6 адамның өмірін қиды. Екі кенші әлі ауыр хәлде жатыр. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, апат кезінде 8 мың текше метрден астам метан газы тараған. 100 тоннадан астам тау-кен үйіндісі түскен. Шахтаны тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр.

"Бүгінде бұл  кеніште жұмыс тоқтады. Қазір мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Тексеріс нәтижесінде шахтада 8 мың текше метрден астам метан тарағаны анықталды.

Онымен қоса, "АрселорМиттал Теміртау" нысандарындағы тау-кен жұмыстарына қатысты қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын анықтадық. Комиссия төрағасы ретінде апаттың алғашқы себептерін анықтау үшін өзім барамын",- ТЖД министрі Юрий Ильин.

Министрдің айтуынша, реттеу жүйесіндегі қайта-қайта жасалған реформалар мен бизнес үшін талаптарды қысқарту қадағалауды әлсіретіп, салдарынан өндірістерде техногендік апаттар саны өскен. Адам өмірі бәрінен маңызды. Орны толмас қайғы әкелген апаттан кейін компания кем-кетігін түзетер деді министр.  Қазір арнайы құрылған комиссия кеншілер тарапынан қойылған талаптарға байланысты  кәсіпорынмен келіссөздер жүргізіп жатыр.

А.Базарбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942038-qaragandylyq-kensiler-arselormittal-temirtauga-talap-qoidy/

pixel