Алматы мен Шымкент қаласы бір күнде «жасыл» аймаққа өтті
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі 14 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы арнасы.
тхСоңғы мәліметтерге сүйенсек, «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, кеше Алматы мен Шымкент қаласы «сары» аймақта тұрған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942089-almaty-men-symkent-qalasy-bir-kunde-zasyl-aimaqqa-otti/