Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

ШҚО ӨРТ
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Нагорная көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатында пәтер өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке заттар, төсек жабдықтары жанып жатқан. ТЖ қызметкерлері бірінші кезекте тұрғындар эвакуациялаған.

“Өрт сөндірушілер 2007 жылы туған қыз баланы қатты түтіндеген көрші пәтерден алып шықты. Өрт ошағындағы пәтерден 1972 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрт мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан туындаған“, - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942097-sygys-qazaqstanda-ortengen-paterden-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel