RU

Тәртіп бұзу көбейген: Алматыда курьерлерге жаңа талап қойылды

курьер
Көрнекі фото: Азаттық рухы

Алматыда курьерлік жәшіктер нөмірленетін болады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Курьерлік қызмет көрсететін компаниялардың басшылары мен полиция осындай шешімге келді.

"Яндекс" пен "Шокофуд" өкілдері алғашқылардың бірі болып заң бұзушылыққа жол бермеу үшін курьерлерді тәртіпке шақырды. Олар курьерлердің жұмыс жәшіктерін міндетті түрде нөмірлеу туралы шешім қабылдады.
Нөмір әр қырынан анық көрініп, қараңғыда да көрінуі керек. Өкінішке орай, біздің тәжірибемізде курьерлердің қатысумен болған тәртіп бұзушылықтар аз емес. Енді куәгерлер жәшікте көрсетілген нөмірді айта алады – бұл маңызды бастапқы деректер", - деп түйіндеді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Полицейлер қазірдің өзінде кейбір курьерлік компаниялармен меморандумға қол қойылғанын атап өтті.

"Соңғы жылдары қаламыздың жолдарында мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер көптеп пайда болды, сондықтан олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюі байқалады. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – көлікті дұрыс жүргізбеу, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы, көлік жүргізу қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Көліктің бұл түрін пайдаланатын курьерлер көбейіп кетті, олар табыстарын көбейту мақсатында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жиі жол беріп, күндіз-түні қала жолдарымен жүреді", - деді полковник Алмасбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942115-tartip-buzu-kobeigen-almatyda-kurerlerge-zana-talap-qoiyldy/