Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниеге үшем әкелген ана жәрдемақыны банк қосымшасы арқылы рәсімдеді

Опубликовано:

Ардагүл Әскербек жеке мұрағатынан
Фото: Ардагүл Әскербек жеке мұрағатынан

Алматы облысындағы Көксу ауданының тұрғыны Ардагүл Әскербек дүниеге үшем әкелді, қыздарының есімін Гүлсая, Нұрсая, Нұрсыйла деп қойған жас отбасы сәбилерінің туу туралы куәлігін рәсімдеу үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берген. Ал балаларының тууына және бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны банк қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеген.

Онлайн қызметтің тиімділігіне тәнті болған жас ана: «Барлық жас босанған аналарға құжаттарды рәсімдеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей, өз уақытын үнемдеп банк қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Өте жылдам және қолайлы. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарына ризашылығымды білдіремін» – деп алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, баланың тууы туралы куәлігі мен тиісті жәрдемақыларды, сондай-ақ проактивті форматта рәсімдеуге болады. Перзентханада босанған анаға баланың туу туралы куәлігін смс арқылы рәсімдеуді ұсынатын хабарлама жолданады. Оған оң жауап бергеннен кейін, жәрдемақыны онлайн алу туралы смс жіберіледі. Онда жәрдемақы есептелуі тиіс шотты жазу арқылы жәрдемақының есептелуіне келісім проактивті түрде беріледі.  

«Бүгінгі таңда бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Kaspi.kz пен Homebank қосымшалары арқылы өтініш беруге мүмкіндік бар. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдап, ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растауқажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі. Қызмет тегін көрсетіледі және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз» – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы облысы бойынша директоры Аслан Габдуллин

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 айында Алматы облысында баланың  туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 49000  мыңнан астам мемлекеттік қызмет ресімделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942120-duniege-usem-akelgen-ana-zardemaqyny-bank-qosymsasy-arqyly-rasimdedi/

pixel