RU

Алматы қалалық ТЖД тұман мен көктайғаққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады

Қыс 3Алматы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 15 қараша күні Алматыда тұман мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды. Осы ретте оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК дерегіне сілтеме жасаған ТЖД алдағы күндері Алматыда ауа райы қолайсыз болатынын хабарлады.

Атап айтқанда, дүйсенбі күні қалада тұман мен көктайғақ күтіледі. Ал сәрсенбі, 17 қарашада Алматы тауында қалың қар жауады.

Одан бөлек, мегаполисте жел қарқыны күшейеді. Оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942156-tzd-tuman-men-koktaigaqqa-bailanysty-almaty-turgyndaryna-eskertu-zasady/