Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

16 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті.

"Жиын барысында президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді", – деп жазды Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында.

Сонымен қатар, ол президенттің баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастыратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942218-toqaev-ulttyq-qogamdyq-senim-kenesinin-otyrysyna-qatysady/

pixel