Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжамынша, атлантикалық циклонның және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері ел аумағында құбылмалы ауа райы қалыптасады.

Осылайша, республиканың басым бөлігінде - жаңбыр, қар, солтүстік өңірлерде қар, тұман, көктайғақ, сондай-ақ бұрқасын күтіледі.

17-18 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

18 қарашада солтүстік-батыстан суық антициклонның енуіне байланысты республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.

Одан бөлек, солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін, күндіз 7-12 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Шығыста түнде 6-18 градусқа дейін, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Ал оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз болса, күндіз сынап бағанасы 5 градусқа дейін көтерілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942222-el-aumagynda-20-gradusqa-deiin-ayaz-kutilude/

pixel