Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік автокөлікті тіркеудегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Опубликовано:

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Ішкі істер министрлігі автокөлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудағы цифрлық жаңашылдықтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте ведомство жолдағы көлік қозғалысы саласындағы цифрландыруға ерекше екпін қойып отырғанын жеткізді.

Оның сөзінше, мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру мен қолжетімдігін арттыру бағыты айрықша назарда тұр

Шұғыла Тұрлыбек көлік құралдарын тіркеу (жыл сайын 2,5 миллион) және жүргізуші куәлігін алу (жыл сайын 1 миллион) халық арасында ең танымал қызметтер екенін еске салды.

Ішкі істер министрлігі қаржы институттарымен бірлесіп ең танымал мемлекеттік қызметтердің бірі – автокөлікті сату және қайта тіркеу Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларына шығарылды.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы барлық қайта тіркеулердің төрттен бір бөлігі осы банктік қосымшалар арқылы өтеді (күн сайын 2,7 мыңнан астам).

Белгілі болғандай, ішкі істер министрлігі бұл қызметті тағы екі қаржы ұйымының (Еуразиялық банк және Фридом финанс) мобильді қосымшасына шығарады. Бұл қызмет сондай-ақ 102 мобильді қосымшада іске асырылатын болады.

"Енді сатушылар мен сатып алушыларға автокөлікті сату/сатып алу кезінде мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ – барлық рәсім банктік қосымшада онлайн қолжетімді", - деді Шұғылы Тұрлыбек.

Жаңа қызметті пайдалана отырып, автомобильді сатушы мен сатып алушы Halyk Homebank қосымшасында сатуға/сатып алуға, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге, автокөлікті қайта рәсімдеу бойынша барлық қажетті құжаттарға қол қоюға, мәмілені растайтын құжаттарды алуға, сонымен қатар жаңа нөмірді алуға немесе автомобильдің бұрынғы мемлекеттік нөмірін сақтауға болады.

Сондай-ақ, қосымшада айыппұлдарды төлеу, құжаттандыру қызметтерін төлеу (төлқұжат/жеке куәлікті алу/ауыстыру) және басқа да көптеген функциялар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942240-ministrlik-avtokolikti-tirkeudegi-zanasyldyqtardy-tusindirdi/

pixel