Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы тас жолда адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/kris_p_original

Алматы-Бішкек тас жолында екі көлік соқтығысып, апат салдарынан 53 жастағы келіншек қайтыс болды. Тағы үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысы полиция департаменті айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының фотосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда бетпе-бет соқтығысқан екі көлік, медицина қызметкерлері мен зардап шеккендерге көмектесіп жатқан құтқарушылар көрсетілген.

Автордың сөзінше, жол апаты Алматы облысы мен Жамбыл облыстарының шекарасында болған.

Ал Алматы облысы полиция департаменті Жамбыл ауданында Honda Odyssey мен Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқанын хабарлады. Бір адам қайтыс болып, үш адам жарақат алды.

"Алматы-Бішкек тас жолының 128-шақырымында автокөліктер соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, Honda Odyssey көлігінің 37 жастағы жүргізушісі қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 53 жастағы Mitsubishi жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу) тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942242-almaty-oblysyndagy-tas-zolda-adam-olimine-akep-soqtyrgan-zol-apaty-boldy/

pixel