Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 21 жастағы сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

12 қарашада 21 жастағы жігіт Ақмола облысы Ақкөлдегі 55209 әскери бөлімінен өз еркімен кетіп қалған. Қазір оны құқық қорғаушылар іздеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратынша, 12 қарашада Ақкөл аудандық полиция бөліміне Ақкөлдегі әскери бөлім кезекшісінің көмекшісінен қоңырау түскен.

Ол сағат 19:30-да бөлімшеге 4 қарашада Түркістан облысынан әскерге келген азаматтың жоғалып кеткенін хабарлаған.

"Аталған факті бойынша Ақкөл ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Ал 55209 әскери бөлімі Sputnik Қазақстан порталына сарбаздың қашып кеткенін растамаған. Командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары Бейбіт Телегенов еңбек демалысында жүр. Оның сөзінше, әскери бөлімде Түркістан облысынан келген сарбаздар жоқ.

"Кім айтты? Ол жоғалған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Біз өзіміз реттейміз, мұны аудандық ішкі істер бөліміне кім хабарлады? Бізде Түркістан облысынан келген сарбаздар жоқ. Бізде Шығыс Қазақстаннан келген сарбаздар", - деді Бейбіт Төлегенов.

Қазіргі уақытта әскери бөлім мен полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру топтары құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942253-aqmola-oblysynda-21-zastagy-sarbaz-askeri-bolimnen-qasyp-ketti/

pixel