Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос қолы болмаса да адам сенгісіз суреттер түсіретін оралдық фотограф туралы білесіз бе

Опубликовано:

Фотограф
Фото: Instagram/gordeyphoto

Гордей Трищенков он жылдан бері сурет түсірумен айналысып жүр. Оның оң қолының басы, сол қолының шынтақтан төменгі бөлігі жоқ. Ал екі айығына протез салынған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ол туғанынан І топтағы мүгедек.

1-4-сынып аралығында Гордей ақылы мектеп-гимназияда білім алады. Ал тоқсаныншы жылдардың тоқырауы басталғанда, табысы аз отбасы баласын үйден оқытуға мәжбүр болған. Тек 11-сыныпқа ауысқанда ғана қайтадан мектепке барыпты.

"Мектепке барғаным жақсы болды, ортаға сіңе бастадым. Былай достарым болғанмен, мектептегі достарым бөлек болды. Үйде физика, химия сияқты пәндер басыма қонбайтын еді", - деді фотограф.

Мектепті аяқтаған соң, аудармашылыққа түскен Гордей мамандығы бойынша бір күн де жұмыс істемеген. Институттың төртінші курсында оқып жүргенде ол қаладағы емханалардың біріне IT маманы болып жұмысқа орналасады.

Кейін сол қаладағы медиахолдингтің IT маманы, артынша қаладағы ірі компаниялардың біріне жарты ақыға қызмет етеді. Екі жыл еңбек еткен оны компания толық штаттағы қызметкері ретінде жұмысқа алған.

"Фотограф ретінде тапсырыс көп түспейді, сондықтан, тұрақты жұмысымнан кете алмаймын. Жалпы, адамдар бірнеше себепке байланысты, менің суретке түсіргенімді қаламайды. Ең негізгі себебі, әрине, көзге көрініп тұр", - дейді Гордей.

Әуел баста ол біреудің ұсталған фотоаппаратын сатып алып, өзі үшін суретке түсіріп жүрген. Кейін, бұл процесске қатты қызыққан. Тіпті, арнайы сайт ашып, қалада, табиғат аясында түсірген әдемі суреттерін жариялай бастайды.

Ол тойларды, макросьемкаларды түсіргенді жақсы көретінін жасырмады.

Гордейдің әйелі, жеті жасар қызы бар. Үш жылда бір рет Алматыға келіп, протезін ауыстырып тұрады.

"Протездердің сапасы сын көтермейді, мамырда түркиялық протез салды, тамыздың соңына жетпей, ол сынып қалды. Өз қалтамнан ақша шығарып, жөндеттім, қайтадан өз ақшама билет алып, оны өлшетуге бардым. Протезді дұрыс құрастырмапты, қайта-қайта құладым", - дейді фотограф.

Мемлекеттен жәрдемақы мен үш жылда бір рет тегін протез алып отырған Гордей үкіметке ғана сеніп отыра алмайтынын жасырмады. Сондықтан, жұмысынан тыс уақытта фотоаппаратын алып, фотосессиялардан ақша табады. Ендігі арманы жүргізуші куәлігін алу және АҚШ-ты аралап, саяхаттау, дейді фотограф.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942255-qos-qoly-bolmasa-da-adam-sengisiz-suretter-tusiretin-oraldyq-fotograf-turaly-bilesiz-be/

pixel