Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы": Президент Ұлттық валюта күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент өзінің Twitter парақшасында Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі", - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, 15 қараша Қазақстанда Ұлттық валюта күні болып саналады. Төл теңгеміз 1993 жылы дәл осы күні айналымға жіберілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942265-qasterli-tauelsizdigimizdin-simvoly-prezident-ulttyq-valyuta-kunimen-quttyqtady/

pixel