Алматыда 21 қарашадан бастап карантин шаралары жеңілдеуі мүмкін
Опубликовано:

Алматыда 21 қарашадан бастап карантин шаралары жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алматыда карантин шараларын жеңілдету "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткеннен кейін 7 күннен кешіктірмей, яғни ағымдағы жылдың 21 қарашасынан бастап аумақта жағдай тұрақты болғанда енгізіледі", – деді Байғабылов.
Ол "жасыл" аймақта Ashyq нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа артатынын атап өтті. Ashyq көшбасшылары 05.00-ге дейін, қалған қатысушылар – 03.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Келушілер мен қызметкерлер "жасыл" мәртебеге ие болған жағдайда, келесі іс-шараларға рұқсат етіледі:
- салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шараларды (банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды) өткізу – 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан артық емес;
- көп адам жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шаралар – 50%-ға дейін, бірақ 100-ден аспайтын орын;
- көрмелер – толтыру деңгейі 70%-дан көп емес, бірақ бір уақытта 500 келушілерден аспайды;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар – толтыру деңгейі 80%-дан аспайды.
21 қарашаға дейін "сары" аймақ жағдайында Ashyq нысандардың жұмысын шектеу режимі бар, деп қосты дәрігер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942285-almatyda-21-qarasadan-bastap-karantin-saralary-zenildeui-mumkin/