Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Қыс Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің синоптиктері 16 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман, түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысынды және шығысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың батысында және шығысында 15-20 м/с.

16 қарашада Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 16 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942288-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel