Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адам өлтіруге оқталды деген күдіктілер ұсталды (видео)

Опубликовано:

Күдіктілер
Видеодан кадр: Қызылорда облысы ПД

Алматыда полицейлер бұзақылық пен кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген екі адамды ұстады. Арнайы операция видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қарашада Қызылорда облысы мен Алматы облысы криминалды полиция басқармасының қызметкерлері оңтүстік астанада екі адамды ұстаған.

Олар тамыз айынан бері Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық) және 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының кісі өлтіруге оқталуы) бойынша тергеуден жасырынған.

Ер адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ күдіктілердің Алматыдағы Түріксіб ауданында жалдамалы баспанадан табылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942297-almatyda-adam-oltiruge-oqtaldy-degen-kudiktiler-ustaldy-video/

pixel