Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абай" шахтасындағы жарылыстан жарақат алған кеншілер ауруханадан шықты

Опубликовано:

Жеңіс Маралбаев
Жеңіс Маралбаев. Видеодағы кадр: "Хабар 24" арнасы

Қарағанды облысы "Абай" шахтасында метан газынан уланған екі кенші бүгін ауруханадан шықты деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

58 жастағы Жеңіс Маралбаев пен 61 жастағы Элайдар Зейналов өздерін жақсы сезінеді. Денсаулықтары қалыпқа келген. Алайда оқыс оқиғадан жүрексініп қалғандықтан шахтаға қайтадан оралғылары жоқ.

"Жігіттерге, Әскери тау-кен құтқару бөлімшесіне рақмет. Тез келді. Бір сағаттан кешіксе, тірі қалмайтын едік. Дәрігерлерге көп рақмет. Қазір денсаулығымыз жақсы. Енді жұмысқа баруға болмайды. Бармаймын", – дейді кенші Жеңіс Маралбаев.

Таксикология бөлімінің меңгерушісі ес-түссіз ауруханаға түскен кеншілердің қазіргі жағдайлары бірқалыпты екенін айтты.

"Амбулаторлық ем қабылдайды. Қазіргі жағдайда жұмысқа шыға алмайды. Кішкене бір 2-3 аптадай өз емханаларында қаралу керек", – дейді таксикология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Смағұлова.

Еске сала кетсек, 7 қарашада сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Салдарынан оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қайтыс болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы есебінде ақшалай көмек берілетінін мәлім етті.

Оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, әзірге нақты күдіктілер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942307-abai-saxtasyndagy-zarylystan-zaraqat-algan-kensiler-auruxanadan-syqty/

pixel