RU

Қазақстан тағы үш елдің вакцинация төлқұжатын мойындады

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан тағы үш елдің вакцинация төлқұжаттарын мойындады. Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігері тиісті жарлық шығарды. Құжатты санитарлық-эпидемиологиялық комитет өзінің ресми сайтында жариялады.

"Аргентина Республикасында, Венгрияда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Моңғолияда, Иорданияда, Венгрияда, Грузияда, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында азаматтарға берілген коронавирусқа қарсы вакцинация туралы төлқұжаттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", – делінген қаулы мәтінінде.

Бұған дейін бұл тізімге Перу, Сербия және Тунисті қоспағанда, дәл осы елдер кірген болатын. Тізімдегі елдердің әрқайсысы үшін құжат үлгісі қоса беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942316-qazaqstan-tagy-us-eldin-vakcinaciya-tolquzatyn-moiyndady/