Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобустарға тас атып, терезесін сындырған мектеп оқушылары болып шықты

Опубликовано:

Автобус
Фото: facebook.com/Алматы қоғамдық көліктері

Алматы полицейлері қоғамдық көлікке тас атып, терезелерін сындырғандарды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер тексеру жүргізіп, нәтижесінде тәртіп бұзушылар ұсталды. Бұзақылар орта мектеп оқушылары болып шықты.

"Тексеру барысында бұзақылар анықталды. Олар – қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары. Олар біздің ауданда тұрады. Балалардың заңсыз әрекеттері үшін олардың ата-аналары әкімшілік кодекстің 435-бабына (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Бұл норманың санкциясы 7 АЕК (20 419 теңге – ред.) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Бұл ретте жасөспірімдер ювеналды полицияның есебінде тұрады. Жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді.

"Мені Алатау ауданы полиция басқармасына шақырды. Біздің автобустардың әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды. Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін", – деп қосты автокәсіпорын өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін автокәсіпорын басшысы Алатау облысының полиция басқармасына бұзақылық фактісі бойынша арыз жазған болатын. Ол бір ай ішінде белгісіз біреулер 25-маршруттағы бес автобустың терезелерін сындырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942318-almatyda-avtobustarga-tas-atyp-terezesin-syndyrgan-mektep-oqusylary-bolyp-syqty/

pixel