Өткен тәулікте елімізде қанша адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты мәлімет жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 931 адамнан COVID-19 анықталған, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 110
- Алматы қаласы - 114
- Шымкент қаласы - 18
- Ақмола облысы - 67
- Ақтөбе облысы - 14
- Алматы облысы - 72
- Атырау облысы - 19
- Шығыс Қазақстан облысы - 42
- Жамбыл облысы - 9
- Батыс Қазақстан облысы - 7
- Қарағанды облысы - 105
- Қостанай облысы - 79
- Қызылорда облысы - 7
- Маңғыстау облысы - 3
- Павлодар облысы - 120
- Солтүстік Қазақстан облысы - 129
- Түркістан облысы - 16.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 958 468-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1503 адам дертінен айығып шыққан.
16 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 068 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 778 пациент стационарда, 27 290 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы, 505 адамның жағдайы ауыр, 128 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942337-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrdy/