RU

Коронавирус: Қазақстанның бір өңірі қайтадан "сары" аймаққа өтті

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Атырау облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

16 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • " сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары;
  • "жасыл" аймақтаАлматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетсек, өткен тәулікте 931 адамнан COVID-19 анықталған болатын. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 958 468-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1503 адам дертінен айығып шыққан.

16 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 068 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 778 пациент стационарда, 27 290 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 505 адамның жағдайы ауыр, 128 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942346-koronavirus-qazaqstannyn-bir-oniri-qaitadan-sary-aimaqqa-otti/