Қазақстанға Pfizer вакцинасының екінші партиясы қашан жеткізіледі
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанға Pfizer вакцинасының екінші партиясы қашан жеткізілетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы - 379 мың доза жеткізілді. Екінші партия 20 қарашада келеді деп жоспарлануда", - деді министр Цой.
Еске сала кетсек, 10 қарашада Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы жеткізілген еді.
Препарат оңтүстік астанадан Қазақстан өңірлеріне тарайды. Елге жалпы 4 млн дозадан астам вакцина жеткізіледі.
Алдын ала минус 90 градус температурада сақтауға болатын тоңазытқыш камералары сатып алынған.
Дәл осындай температурада вакцина басқа қалаларға жеткізіледі. 46 мың дозасы Алматыда қалады.
Сондай-ақ, елімізде бұдан былай Pfizer вакцинасын ақылы түрде салуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942365-qazaqstanga-pfizer-vakcinasynyn-ekinsi-partiyasy-qasan-zetkiziledi/