Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде алғашқы оқушылар легі Pfizer вакцинасын салдырды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде жасөспірімдер коронавирус инфекциясына қарсы америкалық Pfizer екпесінің алғашқы дозасын алуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптада облысқа аталған вакцинаның 35 100 дозасы жеткізілген болатын.

"Бұл вакцина жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12-18 жас аралығындағы балаларға арналған. Бүгінгі таңда аймақ бойынша осы санаттардағы 120 000-ға жуық адам бар. Оның ішінде 85 мыңы – балалар" , - делінген ақпаратта.

Кешелі бері Өскемендегі №1 және №2 емханаларға екпе алуға жасөспірімдер келіп жатыр.

16 жастағы қала тұрғыны Диана Магеррамова екпе салдырғаннан кейін өзінің қал-жағдайы қалай екенін бөлісті.

"Бұл ең алдымен менің қауіпсіздігім мен денсаулығым үшін қажет. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бұрынғы қалыпты өмірге тезірек оралсақ деймін. Сол үшін барша жерлестерімді ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үлес қосуға шақырамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942385-oskemende-algasqy-oqusylar-legi-pfizer-vakcinasyn-saldyrdy/

pixel