Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nissan мыжылып қалған: Қарағанды маңындағы жол-көлік оқиғасының видеосы тарады

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/101_saran

Қарағанды-Саран-Шахтинск тас жолында жол апаты болып, 33 жастағы ер адам қаза тапты. Ол жұмысшылар отырған автобусқа соқтығысқан жеңіл көлікті басқарып келе жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік апат орнында түсірілген фото мен видео тарап жатыр. Кадрларда апатқа ұшыраған Nissan Sunny және құтқарушылар көлік ішінен қайтыс болған жүргізушінің денесін шығаруға әрекеттеніп жатқаны көрсетілген.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Ақтас ауылына бұрылатын жерде болғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan Sunny жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жергілікті кәсіпорындардың бірінің автобусымен соқтығысқан.

Соққының күшті болғаны сонша, көлікке қатты зақым келіпті. Жүргізуші алған жарақаттарынан қайтыс болды.

"Соқтығыс болған кезде автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942409-nissan-myzylyp-qalgan-qaragandy-manyndagy-zol-kolik-oqigasynyn-videosy-tarady/

pixel