Вакцина салдырмаған жасөспірімдерге шектеу қойыла ма
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған балаларға қандай да бір шектеулер қойыла ма деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қазіргі уақытта Ashyq жүйесінде тек ересек тұрғындардың деректері бар. Алдағы уақытта бұл мәселе қарастырылатын болады. Әзірге бізде Ashyq-та тек ересек тұрғындар ғана бар", - деді министр Цой.
Айта кетсек, Қазақстанға 10 қарашада Pfizer вакцинасы жеткізілді. Препарат 12 жастан асқан жасөспірімдерге, жүкті және аяғы ауыр әйелдерге салынады.
Сондай-ақ, бұдан былай қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады. Мұндай ұсынысты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты.
Ұсынысты премьер-министр Асқар Мамин қолдады. Препаратты халықаралық сапарға шығатын азаматтардың салдыруына болады.
Еске сала кетсек, 20 қарашада Pfizer вакцинасының екінші партиясы елге жеткізілмек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942413-vakcina-saldyrmagan-zasospirimderge-sekteu-qoiyla-ma/