Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та тұратын қазақ жігіті көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Опубликовано:

Ақжан Аңсағанов
Фото: Instagram/ baichin.a

АҚШ-та тұратын қазақ жігіті Ақжан Аңсағанов суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы отандық журналист Талғат Алман өз Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға Гавайи штатының астанасы Гонолулу қаласында болған.

"Бірнеше күн бұрын Ақжанмен таныстым. Оны қазіргі заманның батыры десек болады. 2 қараша күні ШҚО тумасы жолда кетіп бара жатып, көпірден секірмек болған әйелді көріп қалған. Отандасымыз бірден іске кірісіп, оны өз-өзіне қол жұмсаудан құтқарып қалған", - деп жазды Талғат Алман.

Журналист желіде куәгелер мен Ақжанның әйелді жұбатып жатқан жерінен видео да жариялады.

"Гавайи штатының мэрі Ақжанға көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтып, 8 қарашаны Ақжан Аңсағанов күні деп бекіткен. Міне, біздің арамызда осындай батырлар бар. Халық батырларын білуі керек", - деп жазды ол.

Ал Ақжан Аңсағановтың өзі сол күні жұмыстарымен кетіп бара жатып, осындай жайтқа тап болғанын айтады.

"Қарама-қарсы жақта 35-40 жас шамасындағы бір әйел өтіп бара жатыр екен. Оның жылап бара жатқанын байқадым. Бір қарасам, жаңағы әйел көпірден секірейін деп жатыр. Шынымды айтсам, басыма әртүрлі ой келді. Оның үстіне бөтен елде жүрмін. Бірақ бұл адамның өмірі ғой. Сол себепті, еш ойланбастан оны құтқарып қалайын дедім. Сөйтіп бірден іске көштім", - дейді Ақжан Хабар 24 арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942446-aqs-ta-turatyn-qazaq-zigiti-kopirden-sekirmek-bolgan-aieldi-qutqaryp-qaldy-video/

pixel