RU

"Қаржы тікелей грант иесіне берілуі тиіс": Тоқаев грантта оқитындарға қатысты өзгеріс қажеттігін айтты

Президент мырза11
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында мемлекеттік гранттың қаржысын тікелей грант иесіне табыстау мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент мемлекеттік грант арқылы оқуға түсуде өзгерістер қажеттігін мәлімдеді.

"Мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен төрт миллион теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыруды өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуі тиіс.

Яғни, студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек. Бұл тәсіл жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын жақсартып, студенттің жауапкершілігін арттырады. Үкімет бұл шешімді жүзеге асыруды мұқият ойластыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942466-student-oqu-aqysyn-ozi-toleidi-toqaev-grantta-oqityndarga-qatysty-ozgeris-bolatynyn-aitty/