Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұры ұсталған сәтте полицейді жарақаттаған (видео)

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: Instagram/kris.p.almaty.official

Алматыда үш қалта ұрлығы мен бір тонау ісіне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталған сәтте қарсылық танытып, полицейлердің бірін жарақаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасында Алматы орталығында төбелескен азаматтардың видеосы тарады.

Қала тұрғындарының сөзінше, оқиға 16 қараша күні сағат 13:42-де Тимирязев көшесінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңында болған.

Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған видеода Алматы аумағында үш қалты ұрлығы мен бір тонау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген ер адамды ұстау сәті бейнеленген. Ол 1988 жылғы Тараз қаласының тұрғыны. Бірнеше рет істі болған", - дейді ведомстводан.

Күдікті ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің бірін жарақаттаған.

"Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының біреуін жарақаттады", - дейді полиция департаментінен.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Күдікті ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942494-almaty-urlyqsy-ustalgan-satte-policeidi-zaraqattagan-video/

pixel