RU

Шымкентте төрт адамнан сібір жарасы анықтылды

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте төрт адамнан сібір жарасы анықталды. Аталған жағдай Абай ауданы аумағында тіркелген, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ауру малдың етін Түркістан облысының Сайрам ауданындағы кәсіпкер Жиделі шағын ауданының 15 тұрғынына сатқан. Оның төртеуінен індет белгілері байқалған.

Етті тұтынған өзге азаматтарға қажетті медициналық-профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

"Ол ошақта індетке қарсы іс-шаралардың барлығы толығымен жүргізілді. Ошақ жабылды. Қарым-қатынаста болған барлық адам бізде 14 күн медициналық бақылауда болды. Олар профилактикалық ем қабылдады, қайталанған жағдайлар кездескен жоқ", - дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Айта кетейік, жалпы биыл Шымкентте сібір жарасын жұқтырғандар саны екі есе өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942496-symkentte-bes-adamnan-sibir-zarasy-anyqtyldy/