Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев азаматтардың несие тарихын жаңарту мерзімін 1 күнге дейін қысқартуды ұсынды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасы-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында қазақстандықтардың несие тарихын жаңарту мерзімін қысқарту туралы ұсынысты қарастыруды тапсырды. Осылайша, азаматтар банктерден бір уақытта бірнеше қомақты несие ала алмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Соңғы жылдары алаяқтық қылмыстар саны артып келеді. Елде тоғыз айда алаяқтықтың 32 мың фактісі тіркелген. Олардың жартысы интернет арқылы жүзеге асқан. Себебі, несие тарихындағы өзгеріс 15 жұмыс күнінде жаңартылады. Бір адам әртүрлі банктен бірнеше несие рәсімдеген кездер де болған.

Несие берушілер азаматтардың қарыз жүктемесінің күрт өскенін байқамайды. Кеңес мүшесі Марат Шибұтов бұған дейін кредиттік бюроға ақпарат беру мерзімін заңнамалық тұрғыда бір жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынған болатын. Осы ұсынысты қарастыру керек", - дейді президент.

Айта кетейік, отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев банктің кепіл саясатын жетілдіру және бағалау қызметін реттеу мәселесін қозғаған еді.

Президент төлемді кешіктіру салдарынан мүлкінен айыруға шешім қабылданған жағдайда, қазақстандықтарға банктің орнына кепілдегі мүлікті сату мүмкіндігі берілуі тиіс екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942497-toqaev-azamattardyn-nesie-tarixyn-zanartu-merzimin-1-kunge-deiin-qysqartudy-usyndy/

pixel