RU

Семейдегі құрылыс алаңынан адам сүйегі табылды

Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
Көрнекі фото: piqsels.com

Семейдегі құрылыс алаңынан адам сүйегі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары құрылыс алаңынан адам сүйегінің табылуына байланысты тергеу амалдарын бастады.

"14 қараша күні Семейдегі Новостройка ауданында адам сүйегі табылған. Қазіргі уақытта аталған факті қалалық Әуезов полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - делінген ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942508-semeidegi-qurylys-alanynan-adam-suiegi-tabyldy/