Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автотұрақ үшін шығындалғысы келмеген алматылық тұрғынның қулығы әшкере болды

Опубликовано:

Эвакуатор
Фото: polisia.kz

Алматыда Mitsubishi маркалы көлікті тізгіндеген ер адам автотұраққа ақша төлегісі келмей, көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған нөмір таққан көлікті полиция қызметкерлері Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында байқаған. Көліктің алды мен артындағы әртүрлі мемлекеттік тіркеу нөмірі тәртіп сақшыларының назарын бірден аударған.

Көлік
Фото: polisia.kz

Көлік иесі анықталды. Ол көлік тұрағы үшін төлем жасағасы келмегендіктен жалған нөмір тағып алғанын айтып, ақталған.

Бұл әрекеттер заңнамаға қайшы келетіндіктен, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни оған айыппұл салынып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Көлік
Фото: polisia.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда ресейлік нөмір таққан автокөліктердің жүргізушілері облыс әкімдігінің алдына жиналып, көліктерін айыптұрағынан шығарып, заңдастырып беруді талап еткен болатын.

Оралда да 500-ге жуық жүргізуші ішкі істер министрлігіне үндеу жасап, көліктерін тіркеуге мүмкіндік беруді сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942544-avtoturaq-usin-sygyndalgysy-kelmegen-almatylyq-turgynnyn-qulygy-askere-boldy/

pixel