Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құс тұмауынан қорыққан Жапония 155 мыңға жуық тауықтың көзін жоймақ

Опубликовано:

тауық1
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапония елдің батысында құс тұмауының өршуіне байланысты 155 мыңға жуық тауықтың көзін жоймақ, деп хабарлайды ТАСС Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Құс тұмауының ошағы 15 қарашада Жапонияның оңтүстік-батысынтағы Кагосима префектурасында анықталған. Ол жерде 11 мыңға жуық тауық жойылмақ.

Кейін инфекция ошағы елдің батысындағы Хёго префектурасында анықталған. Енді билік жергілікті фермадағы 155 мыңға жуық тауықтың көзін жоймақшы.

Айта кетейік, бұған дейін Хёгода инфекцияның таралуына байланысты құстарды жою 2020 жылдың қарашасында жүргізілген еді.

Еске сала кетейік, тура бір жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы өршіп, құстар жаппай қырылған еді.

Одан бөлек, өткен жылы Шымкенттің Бадам тұрғын алабында үй құстары белгісіз кеселден қырылған болатын.

Тұрғындар бұл солтүстіктен келген құс тұмауы ма деп қауіптенген. Ал мамандар қалада құс тұмауы тіркелмегенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942553-qus-tumauynan-qoryqqan-zaponiya-155-mynga-zuyq-tauyqtyn-kozin-zoimaq/

pixel