Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6 миллион теңгеге бірнеше пластикалық ота жасатқан отандық блогер туралы не білеміз

Опубликовано:

Блогер
Фото: instagram.com/zuhra_hakieva

Белгілі блогер, отандық реалити шоудың қатысушысы Зухра Хакиева бірнеше рет пластикалық ота жасатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл үшін алты миллион теңгеге жуық қаражат кеткен, деп жазады Express Qazaqstan.

32 жастағы Зухраның бес жасар ұлы бар. Ол төрт жыл бұрын күйеуімен дәм-тұзы жараспай айырылсып кеткен.

"Баламен үйде отырған кезде өз-өзіме қарамай кеттім. Артық салмақ қостым. Өзіме қарамай кеткен соң, күйеуім маған қарамай кетті. "Неге мен әдемі емеспін? Түрім неге онша емес?" деген сұрақтар көкейімде жүрді", - деп сөзін бастады ол.

Осылайша Зухра ойланбастан бірінші операциясын жасатып, көздің астында салбырап тұрған теріні алдыртып тастаған.

"Одан кейінгі операцияны жарты жылдан кейін жасадым. Блефаропластиканы армандадым. Көзімнің үстіңгі жағын кесіп, қабақтың пішінін өзгерттім. Нәтижесі өте керемет. Бір айға жетпей терідегі тыртық кетті. Одан кейін хейлопластика жасаттым. Тағы пышаққа түстім. Булхорн немесе ерін пластикасы деп те аталады.

Менің үстіңгі ернім тістерімді жауып тұратын. Соны жоғары көтеріп, мұрынның астынан тіктірдім. Бұл операция да өте сәтті шықты. Сондай-ақ, ринопластиканы да жасаттым. Неге десеңіз, мұрнымның ұшы төмен қарап, ерсі көрінетін. Кейін мұрнымды еуропалық стильде өзгерттім", - дейді Зухра Хакиева.

Басылым дерегінше, сонымен қатар, Зухра кеудесін, тісін дұрыстатып, бразилиялық жіппен бетін тарттырған. Операциядан кейін Зухраның өзіне деген сенімі артқанын а.

"Операциялардың барлығына шамамен 6 миллион теңге жұмсадым. Қалың малым да дәл сондай қаржы болса деп ойлаймын. Бірақ маған ондай ақша берсе де менің тарапымнан арсыздық болар", - дейді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942589-6-million-tengege-birnese-plastikalyq-ota-zasatqan-otandyq-bloger-turaly-ne-bilemiz/

pixel