Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшаны қайда жасырса да іздейміз": Марат Ахметжанов ұрланған қаржы қалай қайтарылатынын айтты

Опубликовано:

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Фото: ortcom.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов жемқорлар қаражатты қайда жасырса да іздейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Айталық, елімізге бірнеше миллиард теңге шығын әкелген бір жемқорды қолға түсірдік делік. Ол кінәсін мойындап сотталады. Айыппұл төлейді немесе жазаның басқа түрін алады. Осымен қылмыстық процесс аяқталып, үкімді орындау ғана жүреді. Ал бүгінгі қаржылық тергеу институтының ерекшелігі – бұл параллель институт.

Оның аясында аталған лауазымды тұлғаға қатысты айыптау аяқталмайды. Қаржылық тергеу жүргізіледі. Ол ақшасын қайда жасырса да іздейтін боламыз. Яғни, мәселе барлық ұрланған қаражатты қайтару болып отыр", - дейді Марат Ахметжанов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.

Оның сөзінше, сотталған лауазымды шешеуніктің заңсыз жолмен тапқан қаржысын толық қайтару қолға алынады.

"Мұның барлығы қаржылық тергеу аясында жүргізіледі. Қаражатты ұрлау сызбасы анықталады. Оның алдын алу тиімділігі болады", - дейді Ахметжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде заңсыз пайда тапқан шенеуніктердің табысы тексерілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942593-aqsany-qaida-zasyrsa-da-izdeimiz-marat-axmetzanov-urlangan-qarzy-qalai-qaitarylatynyn-aitty/

pixel