RU

Алматыда отбасылық жанжал кезінде әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

Жедел жәрдем
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда отбасылық жанжал кезінде әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов айтты.

"Отбасылық жанжал салдарынан пышақ жарақатын алған 34 жастағы әйел көз жұмды. Оның өліміне күдікті ретінде ізін суытпай күйеуі ұсталды. Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - дейді ол.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапқанын жазған едік. Ер адам қашып бара жатқан жерінен ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942609-almatyda-otbasylyq-zanzal-kezinde-aiel-pysaq-zaraqatynan-koz-zumdy/