25 градус аяз: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болмақ
Опубликовано:

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 18-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың дерегінше, 18-19 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, көбінесе қар түрінде жауын-шашын түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
20 қарашада республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы мүмкін, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында қайтадан жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстанның батысында түнде 0-5 градустан -5-10 градусқа дейін аяз күтіледі.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта -5-15 градустан -15-25 градусқа дейін аяз болады деп болжанады.
Оңтүстік өңірлерде -5-13 градустан -8-16 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.
Шығыста -2-10 градустан -15-25 градусқа дейін аяз күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942614-25-gradus-ayaz-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/