RU

Pfizer-ді ақылы түрде қанша теңгеге салдыруға болады

вакцинация
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Pfizer-ді ақылы түрде қанша теңгеге салдыруға болады деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Оның сөзінше, Қазақстанда аталған екпенің ақылы түрдегі бағасы қанша болатыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

"Ондай ақпарат қазір жоқ. Айта алмаймыз. Келісімшарттың сондай талабы бар. Сондықтан әлі компаниямен бірлесіп жұмыс жасаймыз", - деп түсінді министрдің орынбасары.

Қазіргі уақытта республика аумағында америкалық препаратпен вакциналау тобына кіретін азаматтарға екпе салу жүргізіліп жатқаны белгілі.

Атап айтқанда, жүкті әйелдер, бала емізетін аналар мен 12 жастан асқан балалар коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942632-pfizer-di-aqyly-turde-qansa-tengege-saldyruga-bolady/